28 ақпан күні Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебінде” қазақтың әйгілі күйшісі - композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай дәстүр бойынша жылда өтетін “Жас талант-2026” қалалық байқауы өтті.
Байқауға өнер мектебінің оқушыларымен қатар N 2 музыка мектебінің оқушылары қатысты. Домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, жетіген, сазсырнай, вокал бөлімдерінен 69 оқушы, 3 домбырашылар ансамблі қатысты. Оқушылардың өнерін тамашалауға ата-аналар келіп, өз алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді. Оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.