Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Балалар өнер мектебінде «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар патриоттық әндер орындап, күйлер тартып, ұлттық рухты дәріптейтін өнер нөмірлерін ұсынды.
Өнерлі өрендеріміз елге деген сүйіспеншілігін шығармашылық арқылы жеткізіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Тәуелсіз еліміздің болашағы - талантты ұрпақпен жарқын!