Іс-шараның мақсаты - оқушыларға еліміздің тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, патриоттық рухты арттыру және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Шара барысында мектеп оқушылары ұлттық күйлер орындап, өз өнерлерін көрсетті. Ұстаздар мен оқушылар ел тарихына қатысты деректермен бөлісіп, Республика күні туралы өз ойларын айтты.