Іс-шара барысында ұстаздардың қоғамдағы орны мен еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді. Білім саласында айрықша еңбегімен танылған мұғалімдер марапатталып, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен мектебіміздің басшысы АМРАЛИНОВА ЖУМАКУЛЬ ТЫШКАНБАЕВНА
Ұлытау облысы білім басқармасының Білім беру ұйымдарының педагогтерінің арасында өткен “ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ” облыстық байқауында ІІ-орын дипломымен және 300.000 тенге сыйақымен ЕСТИЯРОВА САУЛЕ ТЫШКАНБАЕВНА марапатталды.
Іс-шара соңында мектебіміздің “Алақай” үлгілі би ансамблі өнер көрсетті.