2 қазан күні Сәтбаев қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұстаз – ұлт шамшырағы” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұстаздар қауымының еңбегі лайықты бағаланып, Балалар өнер мектебінің бірқатар ұстаздары Құрмет грамоталары және дипломдармен марапатталды.
Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жолдамасымен: басшымыз Амралинова Жумакуль ТышканбаевнаҰлытау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен: Оразалин Махмуд Батырханович
Білім бөлімі басшысының ынталандыру сыйлығы “Өнерімен өнеге” номинациясы,100 000 теңге дипломымен: Оспанова Гульшат Ашмухановна
Педагогтерге арналған қалалық байқауында “Қосымша білім беру ұйымының үздік педагогі” номинациясы бойынша 1- дәрежелі дипломымен: Естиярова Сауле Тышканбаевна
Қалалық байқауда “Ең үздік қосымша білім беру ұйымы” номинациясында 1-дәрежелі орынға ие болды.
Мерекелік кеште “Көкейтесті” ансамблі “Ер-Тұран” шығармасын орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, “Алақай” үлгілі би ансамблі ұлттық нақыштағы “Қамажай” биімен өнер көрсетіп, шараның сәнін келтірді.