4 маусым күні музыкалық- теория бөлімінің ұстаздары мектебімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған “Рәміздерім - мақтанышым” атты тәрбие сағатын өткізді. Шараның мақсаты — оқушыларға ел рәміздерінің мән-мағынасын түсіндіру, оларды құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы тарихи мәліметтер беріліп, олардың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға шағын викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті және оқушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға зор үлес қосты.
View the embedded image gallery online at:
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/678-memlekettik-r-mizder-ltty-ma-tanyshymyz.html#sigFreeId2ede5ba7e5
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/678-memlekettik-r-mizder-ltty-ma-tanyshymyz.html#sigFreeId2ede5ba7e5







