“Жалпы эстетикалық даму” бөлімінің ұстазы Қалымбет Құндыз Нұрланқызы посткурстық есеп өткізді. Курстың тақырыбы:
«Музыкалық қосымша білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың әдістемесі мен нысандары».
Курс барысында меңгерілген теориялық және практикалық білімдер ағылшын тілі сабағында тиімді қолданылуда. Музыкалық элементтерді (ағылшын тіліндегі әндер, ырғақтық жаттығулар) пайдалану арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, дұрыс айтылымды қалыптастыру және есте сақтау қабілетін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Музыкалық әдістерді ағылшын тілі сабағына кіріктіру оқушылардың белсенділігін арттырып, оқу үрдісін жандандыруға мүмкіндік берді. Ерекше білімді қажет ететін бала болмаса да, әр оқушының даралығына бейімделген тәсілдер жүйелі түрде қолданылып жатыр.