26-27 мамыр күндері біздің дарынды 69 түлектеріміз өнер мектебін сәтті аяқтады. Артта – жылдар бойғы тынымсыз еңбек, шабыт, ізденіс пен алғашқы үлкен жетістіктер қалды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде жүрекжарды тілектер айтылып, оқу бітіру куәлігі, дипломдар мен марапаттар табысталды. Бөлімдердің оқушылары өнер көрсетіп, ата-аналар алғыстарын білдірді. Кеш әсерге толы болды: жылы жүздер, қошемет, қуаныш пен мақтанышқа толы сәттер!
Ұстаздарға – ерен еңбегі үшін, ата-аналарға – қолдауы үшін алғысымыз шексіз. Ал түлектерге – армандарыңыздан таймай, биік белестерді бағындыра беріңіздер деп тілейміз!
Жарайсыңдар! Шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін, таланттарыңыз елге танылсын! Әрбір жасаған туындыларыңыз жүректерге жол тауып, рухани байлық сыйласын. Ең бастысы – өз армандарыңызға адал болыңыздар!
View the embedded image gallery online at:
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/673-ner-zholyny-lken-baspalda-y.html#sigFreeIdeea2330bf0
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/673-ner-zholyny-lken-baspalda-y.html#sigFreeIdeea2330bf0







