“Қазақстан балалары” тұжырымдамасы аясында 1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған “Әкем-тірегім, анам-жүрегім” тақырыбында жалпы эстетикалық даму бөлімінің балалары ата-аналарына арнап ерекше сыйлық дайындады – өз қолдарымен жасаған жүрекжарды ашық хаттар! Бұл ашық хаттарда – балалықтың шынайы қуанышы, ата-анаға деген алғыс пен шексіз махаббат бейнеленген. Әрбір сурет – кішкентай жүректердің үлкен сезімі! Ата-аналарға арналған осындай әсерлі сәттер баланың шығармашылығын ғана емес, жан дүниесін де тәрбиелейді. Бала бақытты болса – әлем де жарқын!