15 мамыр күні фортепиано бөлімінің оқушылары мемлекеттік қорытынды емтихандарын сәтті тапсырды! Бұл емтихандар - олардың көпжылдық еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және музыкаға деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі болды. Әрбір түлек өздерінің жоғары кәсіби дайындығын, музыкалық сезімталдығын айқын көрсетті.
Емтихан комиссиясы оқушылардың жан-жақты, әсерлі репертуарын және сенімді, шебер орындауын жоғары бағалады. Осы орайда шәкірттерді білім мен өнерге баулыған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Олардың жанқиярлық еңбегі, төзімділігі мен педагогикалық шеберлігі осы жетістіктің негізі болды.
Түлектерімізді оқу орнын сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолдарында табыс, шабыт және жарқын болашақ тілейміз!







