16.05 күні Сәтбаев қаласы ҚМҚК “Балалар өнер мектебінде” халық аспаптар бөлімінің мектеп бітірушілері арнаулы аспап бойынша (домбыра, домбырамен ән айту, жетіген) мемлекеттік емтихан тапсырды. Биылғы оқу жылында осы бөлімде 24 түлек өнер мектебін аяқтап отыр. Емтиханда шетел композиторларының шығармалары, Құрманғазы, Дина күйлері және көне термелер мен заманауи әндер орындалды. Талапқа сай бағдарламамен шығып, өздерінің ойнау шеберліктерін өз деңгейінде көрсете алды.







