30 сәуір күні Балалар өнер мектебінің “Өнерімен өнеге” атты есеп беру концерті өтті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара биылғы жылы жаңа форматта дайындалды.
Бұл шығармашылық концертінде өнер мектебінің 400 ден астам білім алушылары өнер көрсетті.
Кешімізге Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы, әдістеме кабинетінің меңгерушісі Жунусова Айгуль Дуйсекеевна және әдіскерлер қатысты.
Кеш соңында білім бөлімінің басшысы сөз алып, алғысын білдірді.
Концерт өте жоғары деңгейде өтті деген баға алды.







