Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді.
Мерекеге арнап Сәтбаев қаласының білім бөлімі киіз үйлер қалашығына еңселі киіз үй құрып, Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамына арналған мерекелік бағдарлама, ұлттық салт- дәстүр: "Қыз ұзату-сырға салу" көрінісін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған қолөнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайып, жиналған қауымға наурыз көже, бауырсақ таратылды.
Мерекелік шарада жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары және қосымша білім беру мекемелерінің жас өнерпаздары мен ұстаздары өнер көрсетті.
Мерекелік шара барысында "Ең үздік киіз үй" байқауында Сәтбаев қаласының білім бөлімінің киіз үйі үздік деп танылып, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді және Сәтбаев қаласы әкімінің арнайы дипломы мен қаржылай сыйлығына ие болды!
Осы орайда, еңбегімізді бағалап, жоғары баға берген қала әкімдігіне алғыс білдіреміз!
Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке баршаңызға тек жақсылық әкелсін!
View the embedded image gallery online at:
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/657-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeId76e622238b
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/657-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeId76e622238b







