Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.
Мектебіміздің ЖЭД бөлімінің кішкентай тәрбиеленушілері мен ұстаздары ата-аналардың қолдауымен Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өткізді. Кішкентай тәрбиеленушілеріміз би билеп, өлең айтып өз өнерлерін көрсетті. Аталары батасын беріп, әжелері тілектерін айтты.
View the embedded image gallery online at:
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/656-lysty-ly-k-ni-nauryz-mejramy-tty-bolsyn.html#sigFreeIdfc9a9479fc
https://dshisatpaev2023.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/656-lysty-ly-k-ni-nauryz-mejramy-tty-bolsyn.html#sigFreeIdfc9a9479fc







