Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Шуақты дала-өнегелі бала” онкүндігінің Қайырымдылық күні қарсаңында ЮНЕСКО қорының қолдауымен «Жылды жақсылықпен баста» акциясы аясында өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары мұқтаждарға көмектесу үшін күш-жігерін біріктірді! ️
Біз жануарларға арналған баспанада болдық, тамақ, жылы төсектерді беріп, қаржылай қолдау көрсеттік. Ең бастысы - үй жануарларына көңіл бөліп, қамқорлық көрсетті.
Осы игі іске қатысқандардың бәріне рахмет! 2025 жыл игі істер мен мұқтаждарға шынайы көмек көрсету жылы болсын.