1 наурыз күні Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебі”- Юнеско клубы Халық әртісі, күйші, дирижер, Халық қаһарманы
Н. Тілендиевтің 100 жылдығына арналған “Жас талант- 2025” қалалық байқауы өтті. Байқауға өнер мектебінің оқушыларымен қатар N2 Балалар музыка мектебінің оқушылары қатысты. Кіші топ-17 қатысушы, орта топ - 22 қатысушы, жоғарғы топ - 5 қатысушы бөлініп сайысқа түсті. Домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, жетіген, саз сырнай, баян, флейта, дуэт, домбыра ансамбльдері қатысты. Оқушылардың өнерін оқушылармен қатар ата-аналар да тамашалады. Қатысқан оқушылар жүлделі орындарға иеленіп, грамоталармен мараппатталып, сыйлықтар табысталды.