«Мұрагер-2025» ІІІ облыстық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі жалғасуда. Бүгінгі шығармашылық байқау «ХОРЕОГРАФИЯ» жанры бойынша ұйымдастырылып, түрлі жас санатындағы қатысушылар өз би өнерлерін ортаға салды.
Жас өнерпаздардың шеберлікке толы қойылымдары көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Әр топтың өзіндік би қойылымы ұлттық мәдениет пен заманауи үрдістердің үйлесімділігін көрсетті.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен бұл шара өнерлі жастарды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде
Б.Момышұлы атындағы мектеп -гимназиясының "Әуе экипажы" би тобы
С.Сейфуллин атындағы гимназиясының бишілер ансамблі
N14 жалпы білім беретін мектебінің бишілер ансамблі
Абай атындағы N4 мектеп -лицейінің бишілер ансамблі;
Б.Момышұлы атындағы мектеп -гимназиясының бишілер ансамблі
N3 жалпы білім беретін мектебінің бишілер ансамблі
С.Сейфуллин атындағы гимназиясының "Еркем-ай " бишілер ансамблі;
N16 жалпы білім беретін мектебінің бишілер ансамблі
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бишілер ансамблі
С.Сейфуллин атындағы гимназиясының "Еркем-ай "бишілер ансамблі
N27 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Махмадияр Дильназ (жеке орындаушы)
марапатталды.
Қалалық кезеңде Бас жүлдеге және І орынға ие болған жеңімпаздар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!







