Балалар өнер мектебінің ОЭР бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ардақты аналарды және ұстаздарды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтады. Әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы лебіздер айтылды.
Бұл мерекелік кеш барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін жеткізді.
Барша аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!







