Музыкалық-теория бөлімі 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу және ризашылық сезімін арттыру болды.
Мерекелік іс-шара жылы лебіздер мен жүрекке жететін сөздерден басталды. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына және достарына деген алғыстарын өлең жолдары, әндер және көркем сөз оқу арқылы жеткізді. Әсіресе, аналарға арналған ән мен екі тілде айтылған тақпақтар көрермендердің көңілін толқытып, ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, ұлттық аспапта орындалған шығармалар мен қазақ биі кештің сәнін кіргізіп, мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін сенімді түрде көрсетті. Іс-шара соңында ұстаздар мен ата-аналар тарапынан жылы пікірлер айтылып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.