Бүгін Балалар өнер мектебінде қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, жас ұрпақты үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу болды.
Іс-шараға оқушылардың әжелері арнайы шақырылып, немерелерінің өнерін тамашалады.
Іс-шара соңында оқушылардың әжелері ұстаздар мен немерелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.







