Бүгін - еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны - қасиетті мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтайтын күн. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен болашағының айшықты белгісі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, елдігімізді, тұтастығымызды білдіретін құндылықтар.
Қазақстан Туы - көк аспан мен бейбітшіліктің, Елтаңба - бірліктің және тарихымыздың, ал Әнұран - отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың нышаны. Осы рәміздер арқылы біз өзіміздің кім екенімізді, қандай ел екенімізді бүкіл әлемге танытамыз.
Осы күнде әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезім оянып, ұлттық рух күшейеді. Рәміздерімізге деген құрмет - Тәуелсіздікке деген құрмет!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, Туымыз биік болсын!